Алматыда Мәуліт мерекесі өтеді

Фотография - Алматыда Мәуліт мерекесі өтеді

Алланың соңғы елшісі, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған айына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы үстіміздегі жылдың 2 ақпанында (сенбі) Мәуліт салтанатын атап өтеді

313 0

Алланың соңғы елшісі, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған айына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы үстіміздегі жылдың 2 ақпанында (сенбі) Мәуліт салтанатын атап өтеді.

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл сайын ұйымдастырылатын игі шара биыл Алматыдағы Республика сарайында өтпек. Рухани кеште ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі және ұлт зиялылары, дінтанушы-ғалымдар мәуліт мерекесімен құттықтайды һәм уағыз айтады. Қарилар тобы мәуліт оқыса, өнер жұлдыздары діни әндер орындайды. Белгілі ақындар иман, иба жайлы айтысып, салтанатты шараның көркін қыздырмақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!