Мас күйінде көлік жүргізген депутат «Нұр Отан» қатарынан шығарылды

Фотография - Мас күйінде көлік жүргізген депутат «Нұр Отан» қатарынан шығарылды

Бұл жайында Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын өз блогында жазған

202 0

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының хатшысы қызметінен алынып, «Нұр Отан» ХДП қатарынан шығарылды. Бұл жайында Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын өз блогында жазған.

Әкімнің блогына Айтмұханбет есімді тұрғын хат жазып, экс-хатшыға қандай шара қолданғанын сұрапты. Сонымен қатар, ол халық қалаулысының оғаш қылығын кейінгі ұрпаққа сабақ болу үшін әшкерелеу керектігін айтқан.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Баянауыл аудандық мәслихатының хатшысы Ғабдулла Талипов қызметтік көлігін мас күйінде басқарып, жол апатына себепкер болған. Салдарынан «Газ-53» маркалы көліктің иесіне материалдық шығын келген. Алайда, Талипов ішімдік ішпегендігін, тек асқазандағы жарасын емдеу үшін спирті бар дәрі пайдаланғандығын айтқан. Мұнан кейін сот халық қалаулысын 4 жылға дейін көлік жүргізу куәлігінен айырды.

Әкімге сауал жолдаған тұрғын: «Ел алдында жүрген ағаларымыз осылайша білгенін істеп, және оның мұндай қылығы жазасыз қалса жастарды ішімдік ішпеуге қалай тәрбиелемекпіз?!» деп сөзін қорытындылаған.

Ал, Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынның айтуынша, Ғабдулла Талипов хатшылық қызметтен босатылуымен қатар бүгінде «Нұр Отан» ХДП қатарынан шығарылып, депутаттық мандатынан айрылған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!