Қолына «қызыл куәлік» түскеннен кейін полицейлер өзін патша сезінеді

Фотография - Қолына «қызыл куәлік» түскеннен кейін полицейлер өзін патша сезінеді

Құқық қорғау органдары басшыларымен өтіп жатқан отырыс барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурорға қарата айтқан сөзінде осылай деді

1010 0

Полицейлер қолына «қызыл куәлік» түскеннен кейін ол өзін патша, тәңір ретінде сезінеді. Оған жалақыны кім төлеп жатқанын ұмытып кетеді, ал оны халық төлеп жатыр! Құқық қорғау органдары басшыларымен өтіп жатқан отырыс барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурорға қарата айтқан сөзінде осылай деді.

«Қызметкерлердің өздерінің моральдық бейнесі заңды сақтау эталонына сәйкес келмейді. Азаматтармен қарым-қатынас кезінде олар сот этикасының нормаларын сақтамайды, дөрекілік танытады, мұқият болмайды. Жақында Шымкент қаласында Жол полициясының қызметкері Мамедов Әміров деген азаматтың машинасын ешбір себепсіз тоқтатқан. Жүргізуші оқиғаны өзінің ұялы телефонына түсіріп алмақшы болғанда Мамедов пен оның қызметтестері автокөліктің мемлекеттік нөмірін шешіп алып, жүргізушіге мемнөмірі жоқ көлікпен жүргені үшін айыппұл салған. Бұған қоса, өздерінің иық белгілерін жұлып тастап, жүргізу тарапынан қызметкерге жалған шабуылдың орын алғанын қолдан жасамақшы болған. Оқиға орнына қарама-қарсы тұрған бейнекамера әділеттілікті орнатуға мүмкіндік берді. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалған», - деді Бас прокурор А.Дауылбаев Елбасы алдында есеп беріп жатқан сәтінде.


«Ең басты көрсеткіш сенім екендігін өзің айтқан болатынсың. Сонда сендерге деген қандай сенім орнатпақшысыңдар? Полицейлер халыққа қызмет ету үшін, оларға көмек көрсету мақсатында жұмысқа алынады. Қатарларыңа қабылдап жатқан жастарды тәрибелеу қажет. 5 жыл бойы милиционерді біз жоғарғы оқу орнында оқытамыз, ал Америкада жарты жылдың ішінде мамандарды даярлап, көшеге қызмет етуге шығарады. Олар заңдарды да, барлығын да біледі. Мұны мен бірнеше рет айтқан болатынмын. Ал сендер жұмысқа қабылдаған жас жігіттің қолына «қызыл куәлік» түскеннен кейін ол өзін патша, тәңір ретінде сезінеді. Оған жалақыны кім төлеп жатқанын ұмытып кетеді, ал оны халық төлеп жатыр! Мұндай тәрбие жұмысы неге жүргізілмейді? Мұндай адамдарды көпшіліктің алдында неге көрсетпейсіңдер? Қазақстанның барлық полиция қызметкерлері жұрт алдында өзін-өзі бұлай ұстауға болмайтынын білуі қажет. 4 мың адамды қосып бердік полицейлерге көшеде. Жаңағы ұрлық-қарлық, кішкентай қылмыстармен шұғылданатын болсақ, жалпы қылмыспенен біз шеше алмаймыз ештеңе», - деді Н.Назарбаев.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!