Бүгін таңертеңнен бері Алматыда 4 рет жер сілкінді

Фотография - Бүгін таңертеңнен бері Алматыда 4 рет жер сілкінді

«ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі 30 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша сағат 10:29-да жер сілкінісін тіркеді

221 0

«ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі 30 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша сағат 10:29-да жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 225 шақырым жерде орналасты. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,2, магнитудасы - MPV 3,9, жер сілкінісі ошағының координаттары 42.46° с.е. 79.46° ш.б. Тереңдігі - 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің қуаты белгісіз.

Сондай-ақ бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 11-27-де тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 238 шақырым жерде орналасты. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,8, магнитудасы MPV 4,6, координаттары 42.51° с.е. 79.66° ш.б. Тереңдігі - 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің қуаты белгісіз.

Үшінші зілзала Алматы уақыты бойынша сағат 12-32-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 100 шақырым жерде орналасты. Энергетикалық санаты - 8,7, магнитудасы MPV 4,2, координаттары 43.33° с.е. 78.13°  ш.б. Тереңдігі - 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің қуаты белгісіз.

Ал төртінші жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сағат 12-50-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 225 шақырым жерде орналасты. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9,2, магнитудасы MPV 4,3, жер сілкінісі ошағының координаттары 42.60° с.е. 79.54° ш.б. Тереңдігі - 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің қуаты белгісіз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!