Қазақстандағы жер сілкінісінен Қытайда 200 үй қирады

Фотография - Қазақстандағы жер сілкінісінен Қытайда 200 үй қирады

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесі Іле қазақ автономиялы облысында 216 үй толықтай қирап қалды

337 0

28 қаңтарда Алматы облысында болған 6,6 балдық жер сілкінісінен Қытада 200 үй қирады, деп хабарлайды РИА Новости.

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесі Іле қазақ автономиялы облысында 216 үй толықтай қирап қалды. 7 жарым мыңдай тұрғын жай, 600-ден астам қора-қопсы зақымданған. 20 мыңнан астам адамның дүние-мүлкіне зиян келген. Жүздеген адам эвакуацияланған. Жарақаттанғандар туралы ақпарат жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қаңтар күні сағат 22:38-де Алматы облысында қуаттылығы 6,6 балдық жер сілкінісі болды.  Алматыда 4-5 балдық жер дүмпуі сезілді. Жер сілкінісінің соңынан тағы бірнеше әлсіз дүмпу тіркелген. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат болған жоқ.

Бүгін, 30 қаңтар күні ҚР Мәжілісінің депутаттары осы төтенше жағдай кезінде алматылықтарға дер уақытында ақпарат таратпаған тиісті органдарға шара қолданылуын талап етті.


Тегтер:

жер сілкінді

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!