Құқық қорғаушылар терроризмге қарсы тұра алмайды

Фотография - Құқық қорғаушылар терроризмге қарсы тұра алмайды

Қазақстандағы соңғы жылдардағы оқиғалар құқық қорғау органдарының террористік және экстремистік қатерге қарсы тұруға дайын еместігін көрсетті деді бас прокурор Асхат Дауылбаев

232 0

Қазақстандағы соңғы жылдардағы оқиғалар құқық қорғау органдарының террористік және экстремистік қатерге қарсы тұруға дайын еместігін көрсетті деді бас прокурор Асхат Дауылбаев.

Бұл туралы ол бүгін Астанада құқық қорғау органдары басшыларының президент Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуінде айтты. Оның сөзіне қарағанда, бұған "құқық қорғау орындарының тиісті сараптамалық, талдау және жедел әрекет ету жұмыстарын жүргізбеуі басты себеп" себеп болып отыр.

Дауылбаев бұған қоса құқық қорғау қызметкерлерінің "кәсіби дайындығының төмен екенін" және олардың "материалдық әрі техникалық базаларының заман талабына сай емес екенін" де айтқан.

Соңғы екі жыл көлемінде Қазақстанның түрлі аймағында "терроризмге қатысы бар" деген бірнеше оқиға болып, одан 70-тен астам адам мерт болған еді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!