Бүгін - Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні

Фотография - Бүгін - Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні

Бүгін Қазақстанда 29 қаңтар күні Алматы түбінде әуе апатында адамдардың қаза болуына байланысты Ұлттық аза тұту күні.

250 0

Бүгін Қазақстанда 29 қаңтар күні Алматы түбінде әуе апатында адамдардың қаза болуына байланысты Ұлттық аза тұту күні.

«Кеше Көкшетаудан ұшып келген ұшақ Алматы түбінде апатқа ұшырап, азаматтар қаза болды. 20 азаматымыз көз жұмды. Осы қайғылы оқиғаға байланысты ертеңгі күнді еліміз үшін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым.  Ұшақ апатына байланысты арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр,  қаза болған ел азаматтарының жақындарына қолдау көрсетіледі. Біз қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алайық», деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше елдің құқық қорғау органдары басшыларымен болған кеңесте және 31 қаңтар - Ұлттық аза тұту күні болып жарияланғанын атап өтті.

29 қаңтарда 13 сағат 30 минутта Алматы облысының Іле ауданындағы Қызылту елді мекенінің жанында Көкшетау-Алматы бағытымен ұшып келе жатқан CRJ 200LR ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында 16 жолаушы, олардың арасында біржарым жастағы сәби және экипаждың бес мүшесі болды. Олардың барлығы да қаза тапты.

Авиаапаттың себептерін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды, оған ТЖМ, ІІМ, көлік және коммуникация, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Бас көлік прокуратурасының және ҚР көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің өкілдері енді.

Бас көлік прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 3 бөлімінің 295-бабымен қозғалыс қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы және екі және одан да көп адамды өлімге соқтырған әуе көлігін пайдалану бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ұшақ апатқа ұшыраған орыннан «қара жәшік» табылды және ол талдау үшін Мәскеудегі Мемлекетаралық авиация комитетіне жіберілді.

Қаза болғандардың туыстарына психологиялық көмек көрсету жөнінде жұмыстар жалғастырылуда. Зардап шеккен отбасыларына «Скат» АҚ авиакомпаниясынан 3 млн. теңгеден, сондай-ақ әкімдіктерден - 1 млн. теңге мөлшерінде көмек көрсетіледі.

Ұлттық аза тұту күні бүкіл әлемдегі Қазақстанның шетелдік мекемелерінде авиаапат құрбандарына байланысты көңіл айту кітаптары ашылады. Оған кез келген адам өзінің көңіл айту сөздерін жаза алады.

ҚР СІМ жүйесінде орталық аппараттан басқа 80 шетелдік мекеме бар, олар әлемнің 50-ден астам елінде орналасқан.

Еліміздегі барлық мемлекеттік мекемелерде Ту төмен түсіріліп, ойын-сауық және көңіл көтеру шараларына тыйым салынады.

«Challenger-200» ұшағының апатқа ұшырауы кезінде қаза болғандардың тізімі:

Фейст Владимир, 1956 ж.т.

Рубас Александр Васильевич, 1960 ж.т.

Дюсбаев Дүйсехан, 1949 ж.т..

Құсайынов Асқар Еркінұлы, 1989 ж.т..

Лотков Николай Николаевич, 1981 ж.т..

Малғаждаров Қайсар Мағжанұлы, 1969 ж.т.

Низамов Акрам Мухумдинович, 1977 ж.т.

Омаров Әбілжан Каримұлы, 1968 ж.т.

Оразбаев Марат Берлікұлы, 1969 ж.т.

Дүйсенов Ғалымжан Бағытжанұлы, 1974 ж.т.

Рахымбек Индира Рахымбекқызы, 1974 ж.т.

Бақытжан Бекжан (ұлы), 2011 ж.т.

Сериков Александр Иванович, 1980 ж.т.

Шутиков Арсен Айтказиевич, 1974 ж.т..

Ескендіров Асқар Қадыгерұлы, 1975 ж.т.

Жаворонков Иван Викторович, 1968 ж.т..

Экипаж:

Евдокимов Владимир Николаевич - командир

Шарапов Александр Владимирович - екінші ұшқыш

Бабаян Святослав Артурович - екінші ұшқыш

Кривоносова Ирина Николаевна    - бортсерігі

Аспандиярова Дина - бортсерігі


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!