Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде аяз бен қатты жел тұрады деп күтілуде

Фотография - Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде аяз бен қатты жел тұрады деп күтілуде

Қазақстанның барлық аймақтарына кең ауқымды антициклон әсерін тигізеді, сондықтан да аязды ауа-райы сақталады

173 0

Қазақстанның барлық аймақтарына кең ауқымды антициклон әсерін тигізеді, сондықтан да аязды ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазагидромет.

 

Республиканың оңтүстік бөлігі оңтүстік циклонның шығуына байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, екпінді жел, тұман, көктайғақ күтіледі.

 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз және таңертең кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

 

Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Алакөл көлінің маңында күндіз жел соғады, күші 15-20 м/с.Қызылорда, Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с.

 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел соғады, күші 15-20 м/с. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады, таңертең және күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.

 

Қарағанды облысының кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!