Ұшақ апатының себебі он бес күннің ішінде анықталмақшы

Фотография - Ұшақ апатының себебі он бес күннің ішінде анықталмақшы

«қара жәшікке» қатысты және қаза болғандардың отбасына көрсетілетін материалдық көмек туралы айтты.

188 0

Ұшақ апатына байланысты арнайы құрылған Үкіметтік комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев кеше Алматы әуежайында журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді. Бақытжан Сағынтаев брифингте апатқа ұшыраған ұшақтан табылған «қара жәшікке» қатысты және қаза болғандардың отбасына көрсетілетін материалдық көмек туралы айтты.

«Алматы түбінде апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағының бортындағы барлық жазу құралы және «қара жәшік» табылды. Ол бүгін кешкісін Мәскеуге жеткізіледі, 15 күннің ішінде оқылып, тал­данады. Мемлекетаралық авиациялық комитетпен келісім жасалған, бұған тәуелсіз сарапшылар тартылады. Алдын ала жасалған келісімдер бойынша бұл жұмыс 15 күннің ішінде бітуі керек, мүмкін одан да ерте бітеді деген үміт бар. «Қара жәшік» оқылмайынша, апаттың себептерін айту қиын», деді арнайы құрылған Үкіметтік комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар комиссия төрағасы Орталық сот сарапшылары экспертиза жұмыстарын аяқтағанын мәлімдеді. «Қазір туыстары қаза тапқандардың денелерін анықтауда. Одан кейін олардың мәйіттерді алып кетуіне болады. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі кейінірек хабарланады» деді Бақытжан Сағынтаев.

Алматы түбінде апат болған ұшақта қайтыс болған 21 адамның отбасына «Скат» әуе компаниясы үш миллион теңге көлемінде көмек көрсетеді, сондай-ақ әкімшіліктер тарапынан бір миллион теңге берілмек. SCAT әуе компаниясының Көкшетау – Алматы рейсін орындаған CRJ 200 ұшағы Алматы әуежайына 5 шақырым қалғанда апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында бес экипаж мүшесі және 16 жо­лаушы болған. Аман қалған ешкім жоқ. Алдын ала жасалған болжам бойынша, ұшақтың құлауына Алматы әуежайындағы ауа райының жағдайы себеп болған.


Тегтер:

ұшақ құлады

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!