Брюссельде Қазақстанның ДСҰ-ға кіру мәселелері талқыланды

Фотография - Брюссельде Қазақстанның ДСҰ-ға кіру мәселелері талқыланды

ҚР сыртқы саяси ведомство басшысы бірқатар Еуроодақ өкілімен кездесіп, Брюссель баспасөз клубында сөз сөйледі.

205 0

Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Брюссельге сапары барысында Еуроодақ өкілдерімен өткен кездесулер аясында Қазақстанның ДСҰ құрамына кіру мәселелері талқыланды.

ҚР сыртқы саяси ведомство басшысы бірқатар Еуроодақ өкілімен кездесіп, Брюссель баспасөз клубында сөз сөйледі.


«Кездесулер барысында Е.Ыдырысов Астана мен Брюссельдің өзара қарым-қатынасының жағдайы мен болашағы туралы айтты. Тараптар сауда – экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. ЕО қазақстандық экономиканың ірі инвесторы саналады және ҚР сауда әріптестерінің арасында бірінші орынға ие», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, тараптар ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесі мен оның «Болашақ энергиясы» тақырыбының өзектілігін тілге тиек етті.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!