Қызылорда облысының жаңа әкімі Қармақшы ауданында болды

Фотография - Қызылорда облысының жаңа әкімі Қармақшы ауданында болды

Кеше Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңірмен таныстығын жалғастыру мақсатында Қармақшы ауданында болды

134 0

Кеше Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңірмен таныстығын жалғастыру мақсатында Қармақшы ауданында болды.

Аудан жұртшылығы аймақтың соңғы жылдары қордаланып қалған алуан түрлі проблемаларының оң шешілуі үшін ел басқаруда өмірлік мол тәжірибесі бар жаңа келген әкімнен зор үміт күтетіндерін жасырмады. Ал түйіткілдер Қызылорда облысында жетерлік. Олар Қармақшы ауданында да шаш-етектен. Мұны әкіммен кездесу барысында көпшілік те анық байқатты.

Қырымбек Көшербаев ауданмен танысуды Қызылтам ауылындағы №79 орта мектептен бастады. Өткен жылдың желтоқсанында ғана пайдалануға берілген мектептегі кездесуде бірқатар мәселелер қамтылды.

Бұдан соң облыс басшысы Қорқыт ата мемориалды кешенінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Оны жүргізіп жатқан «Жолқұрылыс» ЖШС басшысы Мұрат Тілеулиев жұмыстар алдағы шілде айында толық аяқталатынын баяндады. Бұдан кейін әкім Жаңажол ауылына ат басын бұрды.  

Ал бүгін Қырымбек Көшербаев Қазалы ауданына қарай жол тартты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!