Д. Назарбаева «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына тиісті өзгерістер енгізуді ұсынды

Фотография - Д. Назарбаева «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына тиісті өзгерістер енгізуді ұсынды

Дариға Назарбаева «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына өзгерістер енгізуді ұсынды.

380 0

Бүгін Білім және ғылым министрінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына өзгерістер енгізуді ұсынды.

«Меселен, оқу орындары жыл сайын күзет ұйымдарын жалдау бойынша келісімшарттар жасау керек. Ал тамақтандыру тұрғысында жыл сайынғы тендерлерді өткізуге міндетті. Жалпы алғанда осыған уақыттың елеулі бөлігі жұмсалады. Егер де жалданған күзет фирмасы жақсы қызмет атқарып, мектеп әкімшілігі тарапынан лайықты деп табылып жатса, сондай-ақ оқу орындарында тамақтандырумен қамтамасыз ететін компания өз ісін жақсы атқарып жүрсе, неліктен тендер өткізу керек. Бұл орайда барлық жерде мемлекеттік сатып алу заңнамасына сілтеме жасалып отыр»,-деді депутат.

«Мүмкін аталған заңның кейбір жерлерін икемді етіп, тиісті өзгерістер енгізудің уақыты жеткен шығар»,-деп түйді Д. Назарбаева.

Оның сөзіне қарағанда, жергілікті жерлерден мектеп оқушыларын тамақтандыруды мемлекеттік сатып алу саласынан шығару туралы немесе конкурсты 3-5 жылда бір мәрте өткізу жайында ұсыныстар түсуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!