Қазақстандық кәсіпкер Гиги Чаоның жүрегін жауламақ

Фотография - Қазақстандық кәсіпкер Гиги Чаоның жүрегін жауламақ

Ол – Гонконг миллиардері Сесил Чаоның қызы, еркекшора. Гиги өзі секілді тағы бір қызбен неке құрған

271 0

Ол – Гонконг миллиардері Сесил Чаоның қызы, еркекшора. Гиги өзі секілді тағы бір қызбен неке құрған.

Жуырда оның әкесі әлемге жар салып, қызының жүрегін жаулаған ер жігітке теңіз жағалауынан салынған бір зәулім сарай мен 65 миллион АҚШ долларын беретіндігін мәлімдеген болатын. Миллиардер немереге зәру, өлгеннен кейін бүкіл дүнием талан-таражға түспей ұрпағыма қалса дейді ол.

Мұны естіген қазақстандық кәсіпкер Қуандық Арсланов Гигиге сөз айтуға дайындалып жатыр. Екеуі бұрыннан таныс екен, Швейцариядағы демалысы кезінде танысыпты.

«Екеуміз тез тіл табыстық, Гигидің қарапайым қыз еместігін бірден-ақ байқадым. Кейінірек еркекшора екендігін білдім, өзі секілді тағы бір қызбен некеде тұрады. Бұл естен ауысқандық» деді Арсланов.

Қуандық Гигиге деген сезімін асықпай жеткізбек. Алдымен ол тұратын жерден кәсібімді ашамын, содан кейін сөз айтамын дейді ол. Кәсіпкердің бүгінде Қытайда бірнеше кәсіпорны бар, екі елде кезек-кезек өмір сүреді. Ал, Гигидің әкесі тіккен жүлдеге қызықпайтындығын айтып отыр: «Мен өз әйелімді өзім асырай алатын дәрежедемін, оның сезімін сатып алғым келмейді және өзім де сатылмаймын. Ал, менен бас тартса көңілім түспейді, жігіттің сұлтанын өзге жерден іздесін» деді сөз соңында Қуандық Арсланов.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!