Алматыдағы ұшақ апатын зерттеуге канадалық мамандар көмектеседі

Фотография - Алматыдағы ұшақ апатын зерттеуге канадалық мамандар көмектеседі

Алматы маңында орын алған ұшақ апатын тексеруге канадалық сарапшылар да тартылатын болды.

292 0

Алматы маңында орын алған ұшақ апатын тексеруге канадалық сарапшылар да тартылатын болды.

Сарапшылар құрамында канадалық ұшақ жасайтын Bombardier компаниясының үш маманы және топты бастаған TSB өкілі Дени Деруа бар.

Естеріңізге салайық, CRJ 200 ұшағы 29 қаңтар күні Алматы әуежайына жақын жердегі Қызылту ауылының маңында апатқа ұшыраған болатын. Салдарынан экипаждың 5 мүшесі мен 16 жолаушы көз жұмды. Ұшақ құлаған жерден оның «қара жәшігі» табылып, бүгінде Мәскеуге сараптамаға жіберілді.

Айта кетейік, әуе апатының басты себебі ретінде ауа райының қолайсыздығы айтылған. Канадалық сарапшылар да осындай пікірде. Ал, бұдан бұрын Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі апатқа адам факторы да себеп болуы мүмкін деген болжам айтқан еді.


Тегтер:

ұшақ құлады

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!