Ерсайын Нағаспаев Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Фотография - Ерсайын Нағаспаев Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды

171 0

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов жұма, 1-ші ақпанда елорда активіне өзінің орынбасары Ерсайын Нағаспаевты таныстырды. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«32 жасар Ерсайын Нағаспаев Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Халықаралық экономикалық байланыстар» мамандығы бойынша білім алған», деп жазылған хабарламада.

Е.Нағаспаев 2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметті жұмыс істейді. Еңбек жолын Теміртау қалалық әкімшілігі аппаратында бастаған. ҚР Сыртқы істер министрлігінде, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде жұмыс істеді, вице-премьердің кеңесшісі қызметін атқарған. «Ақтау халықаралық порты» РМК, Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі болған. Бұған дейін Шахтинск қаласы әкімі болып еңбек еткен.

Ерсайын Нағаспаев қаржы және экономикалық блог, бюджет және салық саясаты мәселесімен айналысатын болады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!