Қазақстанда ұшу қауіпсіздігі тексеріле бастады

Фотография - Қазақстанда ұшу қауіпсіздігі тексеріле бастады

деп ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

113 0

Азаматтық авиация комитеті CRJ маркалы ұшақтарды пайдаланатын әуе компанияларға жоспардан тыс тексеру жүргізе бастады, деп ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Азаматтық авиация комитеті 29 қаңтарда Алматы түбінде орын алған әуе апатына байланысты CRJ маркалы ұшақтарды пайдаланатын әуе компанияларға жоспардан тыс тексеру жүргізе бастады», - делінген ақпаратта.

ҚР ККМ хабарлағандай, ағымдағы жылдың қаңтар айында Бас көлік прокуратурасымен бірігіп жолаушылар тасымалдайтын әуе компаниялардың қызметіндегі ұшу қауіпсіздігі туралы заңнаманың сақталуы тексеріле бастады.

Ведомство мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда 7 әуе компаниясы тексерілді. Сондай-ақ, I тоқсанда 24 әуе компаниясын тексеру жоспарланып отыр.

«ҚР ККМ азаматтық авиация комитетінің мамандары әуе кемелерін бекітілген кестеге сәйкес тексереді. Және Қазақстанның әуе компаниялары нормаларға сәйкес ұшақтардың техникалық жағдайын тұрақты түрде бақылап тұрады», - деп толықтырды баспасөз қызметінен.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!