Өткен жылы тарифтің 457 түрі көтерілген

Фотография - Өткен жылы тарифтің 457 түрі көтерілген

Агенттік инфрақұрылымдық үйлестіруші ретінде бүгінде 1627 қызмет түрін көрсететін 1194 табиғи монополия субъектілері жұмыстарының тарифтік және техникалық функциясын реттеп отырады

148 0

Жаңа ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде Үкімет басшысының орынбасары Қайрат Келімбетовтың жетекшілігімен ведомстваның 2012 жылғы жұмыс қортындылары және 2013 жылға арналған стратегиялық міндеттері бойынша кеңейтілген алқа өтті.

Агенттік инфрақұрылымдық үйлестіруші ретінде бүгінде 1627 қызмет түрін көрсететін 1194 табиғи монополия субъектілері жұмыстарының тарифтік және техникалық функциясын реттеп отырады. Мұнан басқа 130 субъект-доминанттардың баға қалыптастыру функциясына қадағалау жасайды. Сондай-ақ, стратегиялық маңызды бағыттарының бірі – активтерді жетілдіру саласын салынатын инвестицияны арттыру. Оның ішіне жылу, су шаруашылығы, электр тораптары және жылу өндіру қуат көздері де енеді.

Өткен жылдың 12 айында құзырлы орган монополистердің баға көтеру жөнінде берген арыздарының 304-ін қанағаттандырмай, 457-і бойынша тарифтерін өсіріп берген. Осы уақыт ішінде 240,9 млрд.тг инвестиция тартылған. Бұл 2011 жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда 68 пайызға, яғни 98 млрд.теңгеге артық.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!