Қазақстанда 15 діни оқу орны қайта тіркеуден өте алмады

Фотография - Қазақстанда 15 діни оқу орны қайта тіркеуден өте алмады

 Бұл жөнінде бүгін ҚР Дін істері агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство төрағасы Қайрат Лама Шариф мәлім етті

183 0

Өткен жылы Қазақстанда 15 діни оқу орны қайта тіркеуден өте алмады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Дін істері агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство төрағасы Қайрат Лама Шариф мәлім етті.

«Өткен жылы жүргізілген діни бірлестіктерді қайта тіркеу еліміздің конфессионалдық кеңістігін құрылымдап, бір жүйеге түсірді. Осы жұмыстың нәтижесінде діни бірлестіктердің саны отыз екі пайызға қысқарды», - деді агенттік төрағасы.

Оның айтуынша, діни бірлестіктерді қайта тіркеу жұмысы батыс сарапшыларының барынша аз сын айтуына дәнекер болған.

«Ең әуелі дін атын жамылған құрылымдар мен өз құрылтай құжаттарына күмәнді ақпарат қосқан діни бірлестіктерді қайта тіркеуден өткізуге жол берілмеді. Сонымен қатар діни оқу орындарының саны да қысқарды. Бұрын қызмет еткен 28 оқу орнының 13 -і ғана қайта тіркеуден өтті», - деп атап өтті Қайрат Лама Шариф.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!