ХАК Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтың «қара жәшігін» оқуға кірісті

Фотография - ХАК Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтың «қара жәшігін» оқуға кірісті

Бұл туралы ұйымның ресми сайтында жарияланды.

145 0

Халықаралық авиация комитетіне (ХАК) 29 қаңтарда Алматы маңында апатқа ұшыраған CRJ-200 UP-CJ006 ұшағының борттық жазбалары жеткізілді. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында жарияланды.

Сайттың хабарлауынша, ХАК мамандары ұшақтың «қара жәшігіндегі» ақпараттарды шешіп, оқуға кіріскен.

«Жазба құралдарының ұшақ жерге құлаған кезде келтірілген механикалық ақаулары бар», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік,  «Scat» әуе компаниясының «Көкшетау-Алматы» бағытында қатынайтын CRJ-200 LR ұшағы 29 қаңтар күні 13 сағат 13 минутта радар бақылауынан көрінбей кеткен. Ол Алматы маңындағы Қызылту елді мекенінің маңында апатқа ұшырады. Апат салдарынан 21 адам, оның ішінде 2 жасар нәресте қаза болды.

ҚР Президентінің Жарлығымен 31 қаңтар Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болып жарияланған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!