ҚР Өңірлік даму министрлігінде жаңа вице-министрлер тағайындалды

Фотография - ҚР Өңірлік даму министрлігінде жаңа вице-министрлер тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары, Серік Кеңесұлы Нөкин мен Серік Мақашұлы Жұманғарин ведомствоның вице-министрлері болып тағайындалды

263 0

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары, Серік Кеңесұлы Нөкин мен Серік Мақашұлы Жұманғарин ведомствоның вице-министрлері болып тағайындалды.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қ. Өскенбаев 1964 жылы туған. КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Индустрия және сауда, Туризм және спорт министрліктерінде басшылық қызметтер атқарды. Осы тағайындауға дейін «ҚазМұнайГазСервис» АҚ бас директорынң орынбасары болып еңбек етті.

С. Нөкин 1959 жылы туған. Саратов жоғары әскери-инженерлік химиялық қорғау училищесін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Әр жылдары Атырау облысы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері және ТКШ  комитетінің төрағасы болды. Осы тағайындауға дейін ҚР Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігін басқарды.

С. Жұманғарин 1972 жылы туған. Мәскеу энергетика институтын, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Индустрия және сауда, Экономикалық даму және сауда министрліктерінде басшылық қызметтерде болды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!