Қазақстанда Иранға қатысты келіссөздер өтпек

Фотография - Қазақстанда Иранға қатысты келіссөздер өтпек

 Бұл туралы Мюнхенде өткен қауіпсіздік конференциясында Иранның сыртқы істер министрі Әли Акбар Салехи мәлімдеді

205 0

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алты елдің келесі келіссөздері Қазақстанда 25 ақпанда өтетін болды. Бұл туралы Мюнхенде өткен қауіпсіздік конференциясында Иранның сыртқы істер министрі Әли Акбар Салехи мәлімдеді.

Жиында сөйлеген Салехи келіссөздерге қатысатын алты ел АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия 25 Қазақстанда Иранға келіссөздердің келесі кезеңін өткізуді ұсынғанын айтты. 

Салехи Тегеранның Вашингтонмен екіжақты келіссөздер жүргізуге дайын екенін жеткізді. Бірақ ол Вашингтонның "бір ұстанымы екіншісіне қайшы екенін" айтып, келіссөздерде одан бас тартуға шақырды.

Бірақ Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі бас комиссары Кэтрин Эштонның хатшысы келіссөздердің жаңа кезеңін өткізу ұсынысына Иранның әлі жауап бермегенін айтады.

Батыс елдері Иранды ядролық қару-жарақ жасауға ұмтылып жатыр деп айыптайды. Бірақ ресми Тегеран оны жоққа шығарып, бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтып келеді.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!