Алматы маңында құлаған Ми-8 тікұшағының «қара жәшігіне» сараптама аяқталды

Фотография - Алматы маңында құлаған Ми-8 тікұшағының «қара жәшігіне» сараптама аяқталды

Комитет баспасөз қызметінің жетекшісі Олег Ермолевтің айтуынша мәліметтер 2012 жылдың 29 желтоқсанында тапсырылған көрінеді

296 0

Мемлекетаралық авиациялық комитет мамандары Алматы облысында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының «қара жәшігін» толық зерттеп болып, қорытындысы Қазақстанға берілгенін хабарлайды.

Комитет баспасөз қызметінің жетекшісі Олег Ермолевтің айтуынша мәліметтер 2012 жылдың 29 желтоқсанында тапсырылған көрінеді.

Осы орайда аталған апаттың себебін тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы Нұрлан Ақұлов «қара жәшіктің» зерттеліп болған мәліметтері Қазақстанға 2012 жылдың 31 желтоқсанында жеткізілгенін айтып отыр. Алайда тікұшақтың навигациялық құрылғысы Мәскеуге қосымша зерттеуге жіберілген, ол 45 күнге созылады екен.

«Апат себебі әлі нақтыланған жоқ. Біз навигациялық қондырғының істемей қалғаны рас па жоқ па соған көз жеткізуіміз керек» деген Ақұлов. Қондырғыны тексеруден өткізу шешімі «қара жәшіктегі» мәліметтерге байланысты қабылданған деседі.

Еске сала кетейік, "Евро-Азия Эйр" әуе компаниясына тиесілі Ми-8 тікұшағы 24 қараша күні Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын бақылау кезінде жоғалып кеткен. Техникада 8 адам болған. Қираған тікұшақтың қалдықтары 29 қараша күні табылды. Жолаушылар мен тікұшақ экипажы апат кезінде қаза болған.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!