Қазақстан Ислам елдерімен қарым-қатынасты нығайта түседі

Фотография - Қазақстан Ислам елдерімен қарым-қатынасты нығайта түседі

Іссапар 6-7 ақпанға жоспарланған

227 0

ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен дәстүрлі дүйсенбі брифингінде ресми өкілі Алтай Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрі Ерлан Ыдырысовтың Ислам Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысатынын мәлімдеді.

Іссапар 6-7 ақпанға жоспарланған. Айта кетейік, өткен апталардың бірінде Елбасы шетелдік дипломатиялық миссия өкілдерімен болған кездесуде мемлекеттің сыртқы саясаттағы қарым-қатынастары туралы әңгімелеп, Қазақстан үшін Ислам елдерімен, соның ішінде Түркі тілдес елдермен байланысты одан әрі дамыта түсетінін естірткен болатын. Аталған іссапар Қазақстанның Ислам Ынтымақтастық Ұйымымен ынтымақтастығын одан әрі дамытып, бұрынғысынан да жоғары деңгейге көтере түсетіні белгілі. 2011-2012 жылдары Қазақстан Ислам Конференциясы ұйымына төраға болғаны естеріңізде шығар. Сондай-ақ Ислам ынтымақтастық ұйымының Қазақстанның бастамаларына әрқашан белсенді қолдау көрсетіп келе жатқаны да еліміздің әлемдік деңгейдегі беделін көрсете түседі.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!