Мемлекет басшысы еліміздің ағымдағы даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Фотография - Мемлекет басшысы еліміздің ағымдағы даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

 Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ағымдағы даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді деп хабарлайды Президенттің баспасөз хатшысы

294 0

 Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ағымдағы даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді деп хабарлайды Президенттің баспасөз хатшысы 

Кеңеске Премьер-Министр Серік Ахметов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімов, Премьер-Министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бақыт Сұлтанов, «Самұрық-Қазына» ӘАҚ АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев қатысты.

Кеңесте банк секторының, зейнетақы реформасының жай-күйі және мұнай-газ саласын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, сондай-ақ Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген және «Қазақстан-2050» Стратегиясында қарастырылған тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.

Кеңес барысында Нұрсұлтан Назарбаев банк жүйесіндегі сыртқы қарыздарды төмендету жөнінде бірқатар шара қабылданғанын және бұл үдерісті жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті зейнетақы жүйесінің тиімділігін аттыру үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігін айтты, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі бұдан кейінгі қадамдарды анықтау керектігіне тоқталды.

Кездесудің қорытындысы бойынша өткен брифингте Ө.Шөкеев қайта құрылымдау жүргізудің және өзге іс-шаралардың нәтижесінде «БТА Банк» АҚ-ның сыртқы қарызы 9 млрд. доллардан 750 млн. долларға дейін қысқарғанын, қаржы институттарын басқарудың жаңа жүйесі құрылғанын атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы биылғы жыл ішінде «БТА Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ және «Темірбанк» АҚ банктерінің капиталынан шығуды тапсырды.

Кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы қаралған жұмыс бағыттары аясында бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!