Депутаттардың күтіміне 10 миллиард теңге жұмсалған

Фотография - Депутаттардың күтіміне 10 миллиард теңге жұмсалған

Есеп комитеті енді депутаттарға шүйлікті.

218 0

Есеп комитеті енді депутаттарға шүйлікті. Бұл олар Парламенттің күтіміне кеткен шығынды есептеген. Осылайша, депутаттардың айлық жалақысы, жүріп тұратын көлігі, іссапар шығыны, тіпті тұратын үйлеріне дейін тізіліпті. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 10 миллард теңге бөлінген екен. Сол қыруар қаржының біразы үнемделіпті де.

Мысалы, 2011-інші жылы 1,4 миллиард теңге жұмсалмай қалса, ал 2012-інші жылдың жарты жылында 140 миллион теңге игерілмеген. Бір қызығы, үнемделген ақша қазынаға қайтудың орнына, сыйақы ретінде Парламент қызметкерлерінің қалтасында кетіпті. Ал, парламенттегілер үшін сатып алынған 227 жеңіл автокөліктің тек 166-сы ғана қызмет көрсетіп жүр. Соған да қарамастан, биыл Парламентке шетелдік қымбат 25 су жаңа көлік сатып алынбақшы екен. Оның өзі 200 миллион теңгені құрап отыр. Ал, ең қызығы - тағы миллиондаған теңге халық қалаулыларына арнап салынған «Нұрсая» тұрғын үй кешеніндегі босап қалған пәтерлердің қызметі болып тұр. Үйдің алдында депутаттардың көлігін кіргізіп-өткізіп тұратын шлагбаум жұмысын қадағалайтын жұмысшыларға 8 миллион теңге жұмсалған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!