Челахтың ісі бүгін апелляциялық сотта қаралады

Фотография - Челахтың ісі бүгін апелляциялық сотта қаралады

Владислав Челахтың ісі бүгін Алматы әскери сотының апелляциялық сот алқасында қаралады.

109 0

Өмірлікке бас бостандығынан айырылған қазақстандық шекарашы Владислав Челахтың ісі бүгін Алматы әскери сотының апелляциялық сот алқасында қаралады.

Адвокат Серік Сәрсеновтың өз қорғауындағы Челахтың ісін қайта қарау туралы шағымы сот алқасына 2013 жылдың 14 қаңтары күні түскен.

«Шағымды қарау 2013 жылдың 5 ақпаны сағ.10.00-ге белгіленген. Отырыс Алматы қаласындағы ҚР Әскери сотында өтеді. Қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен Әскери соттың судьясы Б. Караманов қарайды», - деп хабарлайды ведомства сайтында.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы 30 мамырда Алматы облысында Арқанкерген шекара постының ғимараты жанып кеткен болатын. Оқиға орнында 14 шекарашы мен егерьдің жанып кеткен мүрдесі табылды. Қаруластардың ішінен тек жалғыз тірі қалған қатардағы солдат Владислав Челах тірі табылды. Шулы сот процесінен кейін оған өмір бойы бас бостандығынан айыру, жазасын ерекше режимдегі колонияда өтеу туралы үкім кесілді.


Тегтер:

челах

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!