Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министріне алқа мәжілісін нашар ұйымдастырғаны үшін ескерту жасады

Фотография - Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министріне алқа мәжілісін нашар ұйымдастырғаны үшін ескерту жасады

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке ведомствоның алқа мәжілісін нашар ұйымдастырғаны үшін ескерту жасады.

227 0

Бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке ведомствоның алқа мәжілісін нашар ұйымдастырғаны үшін ескерту жасады.

«Кеше біз Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде 2020 жылға дейін агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасының жобасын қарастырдық. Мұндай жылдық кеңесте, әсіресе біздің халқымыздың шамамен жартысына қатысты салалық жиында әкімдер қатысуы тиіс еді. Бұған қоса біз алқаны селекторлық режимде өткіздік. Облыстардың, әсіресе ауыл шаруашылықты өңірлердің бірде бір әкімі қатысқан жоқ. Ұйымдастырылуы бойынша министрлікке ескерту жасаймын», - деді Үкімет басшысы.

С.Ахметовтің пайымынша, мұндай жиындарда әкімдердің өздері бастамашы болып қатысуы қажет. Сонымен қатар ол 12 ақпанда Үкімет отырысында бағдарлама жобасы қарастырылатын еске салып өтті.

«Біз Үкіметте 2012 жыл бойы әзірленген маңызды бағдарламаны қарастырып, қабылдайтын боламыз. Әсіресе, өңірлерден көптеген ұсыныстар болды. Ауыл шаруашылығы министрі мен бірінші вице-пермьер Б.Сағынтаевқа қандай да бір сәтті жіберіп алмау үшін осы аптада барынша тыңғылықты жұмыс істеуді өтінемін», - деді Премьер-Министр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!