Қазақстанда «STOPҚылмыс» акциясы басталды

Фотография - Қазақстанда «STOPҚылмыс» акциясы басталды

 Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлайды

165 0

Бүгін «Нұр Отан» ХДП бастамасымен қоғамда тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі «STOPҚылмыс» акциясы басталды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Қоғамдық науқанды «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы және Ішкі істер министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады.

«Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің Жедел басқару орталығында «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек және ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов еліміздің үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен тәртіпсіздіктерді анықтау және оларға қарсы тиімді әрекет ету жөніндегі бірлескен жұмысты талқылады», - делінген хабарламада.

Кездесуге қатысқандар қаладағы жағдайдың ахуалын бақылайтын, қылмыстар мен төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі іс-әрекеттерді үйлестіретін Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты.

Кездесу барысында Бауыржан Байбек Елбасы тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» партиясы қоғамда тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға белсене атсалысатынын айтып өтті. Осы жұмыстың басты міндеттері тәртіпсіздіктердің алдын алуға азаматтардың өздерінің қатысуын, ІІМ қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және бейүкіметтік ұйымдардың қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі іс-әрекеттерін жұмылдыру болып табылады.

Сондай-ақ «Темекі түтінінен бос Қазақстан үшін» ұлттық коалициясы, «Қазақстан студенттері Альянсы», «Жасыл ел» және т.б. ұйымдар өкілдері өз жобалары мен оның нәтижелері жөнінде айтты. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықпен, қоғамдық орындарда темекі шегумен, ойын бизнесімен күрес, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы озбырлық пен бопсалауға қарсы күрес жөніндегі нақты акциялар ұсынылды. Сонымен қатар кездесу барысында тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі бірлескен шаралар бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Кездесуді қорытындылай келе, Бауыржан Байбек пен Қалмұханбет Қасымов ұсақ тәртіп бұзушылықтың алдын алу жөнінде партия, бейүкіметтік ұйымдар мен құқық қорғау органдарының бірлескен қызметінің маңыздылығын атап өтті

 

bnews.kz cайтынан


Тегтер:

партия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!