Н.Назарбаев «Максам», «OHL» және «Next Limit Technologies» компанияларының басшыларымен кездесті

Фотография - Н.Назарбаев «Максам», «OHL» және «Next Limit Technologies» компанияларының басшыларымен кездесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Максам», «OHL» және «Next Limit Technologies» компанияларының басшыларымен кездесті.

170 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Максам», «OHL» және «Next Limit Technologies» компанияларының басшыларымен кездесті.

Испания Корольдігіне сапары аясында өткен кездесулер барысында Нұрсұлтан Назарбаев испандық жетекші компаниялардың басшыларымен экономиканың түрлі салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мысалы, құрылыста және тау-кен өнеркәсібінде, теңіз порттарын, әуежайларды, автомобиль мен теміржолды қоса алғанда, азаматтық пайдалану үшін жарылғыш жүйесі өндірісі саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, ғылыми және инженерлік зерттеулер үшін түрлі үдерістерді компьютерлік ынталандыру мақсатында пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласындағы серіктестік мүмкіндіктері талқыланды.

«Максам» компаниясына әлемнің 40 елінде өндірістік қуаты бар 140-тан астам кәсіпорын кіреді. Ол Қазақстан Республикасының тау-кен рудасы өнеркәсібінде 2002 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында өнеркәсіп мақсатындағы жарылғыш заттарды өндіретін үш зауыт салды. Компанияның еліміздегі қызметкерлері - 181 адам.

«OHL» компаниясы инфрақұрылымның түрлі нысандарын жобалауға, құрылысын жүргізуге және пайдалануға беруге мамандандырылған. Нысандар құрылысы 39 елде жүзеге асты. Биылғы жобалар 30 мемлекетте іске асырылуда.

«Next Limit Technologies» компаниясы компьютерлік ынталандыру саласындағы өздерінің бағдарламалық өнімдерінің сапасы мен қуатының арқасында бүкіләлемдік танымалдыққа ие болды. Техникалық қызметкерлері алыста, Еуропаның көптеген елдерінде, сондай-ақ АҚШ-та жұмыс істейді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!