Иранға қатысты келіссөздер Алматыда жалғасады

Фотография - Иранға қатысты келіссөздер Алматыда жалғасады

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздердің жалғасы 26 ақпанда Алматыда өтетін болды

134 0

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздердің жалғасы 26 ақпанда Алматыда өтетін болды. Бұл туралы Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштонның баспасөз хатшысы Михаэль Ман хабарлады.

Оның айтуынша, Иран мен келіссөздерге қатысушы елдердің дипломаттары келіссөз өтетін орын мен күніне келісім берген.

Батыс елдері Иранды ядролық қару жасауға ұмтылады деп күдіктенеді. Бірақ Тегеран тек бейбіт мақсатты көздейтінін мәлімдеп келеді. БҰҰ мен бірқатар Батыс елдері Иранға ядролық бағдарламасынан бас тартпағандықтан, бірқатар санкциялар салған.

Келіссөздерге АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Ұлыбритания және Германия қатысады. ЕО осы елдер атынан келіссөздерді үйлестіру жұмысын мойнына алған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!