Алматы облысында жер сілкінісі қайталанса, бірқатар әлеуметтік нысан қирауы мүмкін

Фотография - Алматы облысында жер сілкінісі қайталанса, бірқатар әлеуметтік нысан қирауы мүмкін

Алматы облысында бұған дейінгі шамада жер сілкінісі қайталанса, бірқатар әлеуметтік нысан қирауы мүмкін.

250 0

Алматы облысында бұған дейінгі шамада жер сілкінісі қайталанса, бірқатар әлеуметтік нысан қирауы мүмкін.  Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Тұрарбек Асанов осы мәселені көтеріп, шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

Депутаттың сөзіне қарағанда, қысы қатал, жазы қысқа, теңіз деңгейінен 1800 метрден астам биікте орналасқан Райымбек батыр атындағы ауданның 54 елді мекенінде 80 мыңнан астам халық тұрады. Аудан аумағы аса қауіпті жер сілкіну ошағы ретінде республиканың төтенше жағдай және жер сілкінісін зерттеу орталығында тіркелген. Ауданда бұрынғы жылдары бірнеше рет 7-9 баллдық жер сілкіністерінен Күрметі, Сүмбе, Қызылшекара ауылдарында үйлер құлап, ғимараттарға зақым келіп, бүлінген жағдайлар да орын алған.

«Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында 22 сағат 39 минутта болған магнитудасы 6,6 энергетикалық классы 15,1 болатын 7 балдық жер сілкінісінің ошағы осы ауданның Тұзкөл көлінің маңында тіркеліп, өңір тұрғындарын біраз әбігерге салды. Бұдан кейін де екі күн ішінде әр түрлі қуаттағы 13 рет 3-5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Ауданда жер сілкінісінен қираған ғимараттар, тұрғын үйлер, зардап шеккендер болмағанымен, салынғанына 50-60 жылдан аскан аурухана, мектеп, балабақша, мәдениет үйлері мен әкімшілік ғимараттардың негізгі конструкцияларына  амортизациялық тозуына байланысты зақым келгені рас. Сондықтан олар тез арада сейсмикалық күшейту жұмыстарын атқаруды қажет етеді», - деді депутат.

Оның айтуына қарағанда, осы жолғыдай жер сілкінісі қайталанған жағдайда Қайнар, Тұзкөл, Шалкөде, Қошқар, Сарыжаз, Көмірші, Қақпақ, Көкбел, Тегістік, Сарыбастау, Сүмбе, Қызыл шекара, Жамбыл, Қаратоған, Бөлексаз, Шырғанақ, Тасашы, Ақтасты елді мекендеріндегі аталған әлеуметтік нысандағы ғимараттар зақымданып, қирап, адам өміріне қауіп туғызуы мүмкін.

«Осы жағдайға орай, көрсетілген елді мекендерде орналасқан мемлекет иелігіндегі - мектеп, аурухана, балабакша, мәдениет үйлері, әкімшілік ғимараттарды сейсмикалық зерттеу және беріктеу жұмыстарына тез арада қаражат бөлінуіне ықпал етуіңізді сұраймыз», - деді Т. Асанов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!