Шекара қызметіндегі екі қайғылы оқиғаның арасында байланыс жоқ

Фотография - Шекара қызметіндегі екі қайғылы оқиғаның арасында байланыс жоқ

Бұл туралы бүгін ІІМ-нің ресми өкілі хабарлады.

168 0

Қазақстан Ішкі істер министрлігі ҚР ҰҚК Шекара қызметіндегі екі қайғылы оқиғаның бір бірімен байланысы жоқ деп санайды. Бұл туралы бүгін ІІМ-нің ресми өкілі хабарлады.

«Бұл фактілердің бір біріне қатысы жоқ. Сондықтан жеке-жеке қарастырылады», - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасына қарасты Шонжы шекара жасағының шекара заставасы бастығының орынбасары Қадыралиновтың өлімін тексерумен ІІМ айналысуда.

Ал, өзінің қызметтік кабинетінен өлі күйінде табылған ҚР ҰҚК Шекара академиясы бастығы, генерал-майор Талғат Есетовке қатысты фактіні Әскери прокуратура тексеріп жатыр.

Қадыралинов 2013 жылы 4 ақпанда көз жұмған болатын. Құқық қорғау органдары ол өзіне өзі қол салды деп хабарлады.

Т.Есетовтің денесі өз кабинетінен 31 қаңтар күні табылды. Алдын ала жасалған болжам бойынша, ол өзіне өзі оқ атқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!