Алматы облысының жұртшылығы су басу қаупіне алаңдаулы

Фотография - Алматы облысының жұртшылығы су басу қаупіне алаңдаулы

Алматы облысының жұртшылығы су басу қаупіне алаңдаулы.

225 0

Алматы облысының жұртшылығы су басу қаупіне алаңдаулы.  Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Серікбай Нұрғисаев осылай мәлім етті.

«Алматы облысының жұртшылығын елді мекендерін жылдағыдай су басу қаупі алаңдатады. Таулы аймақтағы қыстың соңғы екі айында облыс аумағында жауын-шашын мол түсіп, Іле және Жетісу Алатауында 1,5-2 есе шамадан тыс қар жауды. Өңірдің солтүстік аймағында да қар мөлшері жоғары. «Казгидромет» мәліметі бойынша ақпан және наурыз айында жауын-шашын жылдық орта мөлшерден жоғары болады деп күтілуде. Қауіпті жағдай Жетісу өңірінің барлық ауданында орын алып отыр. Бұл, әсіресе, Ескелді, Көксу, Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Жамбыл және Панфилов, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған қаласында тым жоғары», - дейді депутат.

Осы ретте облыс әкімдігі тарапынын су қаупін болдырмау мақсатында, жергілікті атқару органдары бірқатар шаралар атқарғандығын айта келе, аудан, қала әкімдері, құқық қорғау органдары табиғаттың тосын жағдайларына біріге отырып, іс-қимыл, әрекет ету мақсатында облыстық штаб құрылғанын жеткізді. Өңір халқын және шаруашылық нысандарын су тасқынынан қорғау және апаттық жағдайларды болдырмау мақсатында жергілікті бюджеттен соңғы екі жылда 3,1 млрд, теңге бөлінген. Сонымен бірге төтенше жағдайлардың салдарын жоюға және шұғыл шығындарға ағымдағы жылы резервте 348 млн. теңге қаражат қарастырылыпты.

«Биылғы қардың мол түсуін ескере отырып, өңірдің апатқа қарсы қызметтері, тұрғындардың қауіпсіз аймақтарды анықтап, түрлі апаттардың алдын-алуға жедел кірісу қажет. Жағалық аймақтың одан әрмен бүлінуіне жол бермеу үшін Іле өзенінде жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленген. Жобаның құны 491,2 млн.теңгені құрайды.  Сондай-ақ, Шарын және Тасқарасу елді мекендерінің аумағындағы магистральдық каналдарды және қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру жөнінде құны 238,5 млн. теңгені құрайтын жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Жоғарыда аталған екі жоба Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ұсынылғанымен әлі күнге дейін қаражат бөлінбеген», - дейді С. Нұрғисаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!