Владислав Челах өмірінің соңына дейін түрмеде қалады

Фотография - Владислав Челах өмірінің соңына дейін түрмеде қалады

Бүгін Арқанкергендегі қанды қырғынға қатысты өткен апеллияциялық сотта судья осындай шешім шығарды

170 0

Владислав Челахты өмір бақи түрмеге тоғыту туралы шешім өзгеріссіз қалды. Бүгін Арқанкергендегі қанды қырғынға қатысты өткен апеллияциялық сотта судья осындай шешім шығарды. Адвокаттың жаңбырша жаудырған талап-арыздары да сотталушыға сеп болмады.

Кеше күнұзаққа адвокат Сәрсеновтың 20-дан астам талап-арызын тыңдаған сот отырысына қатысушылар бүгін тағы біраз сөзге қанық болды. Қорғаушы сот отырысы басталысымен гильзалардың нөміріне қатысты сұрақтарын қарша боратты. Неге оқиға орнындағы жедел түсірілімде гильза нөмірі басқаша аталып, хаттамаға басқаша толтырылады деп? Астанадан тікелей эфирге шыққан өкілетті сарапшы түсіндіріп беруге талпынды. Застава маңынан өте көп гильза табылғанын және қателесіп кетуі мүмкін екен. Сарапшыға тағы заставадан табылған адам тістеріне қатысты қызаруына тура келді.


Оңдасын Ахметов, Алматы облысы Алакөл ауданының сот-медициналық сарапшысы:


- Тексеріп жатқан бір жерде маған тістер кездесті. Оларды қолыма алып көргенде қатты үгітілмеген екен. Сондықтан оның сырты темірмен пломбалаған деп шештім. Бірақ ол менің ойым болатын алғашқыдағы. Сондықтан қателесіп кетуім мүмкін екенін жоққа шығармаймын.


Хаттамадан көз сүрінетін қателіктер тапқан адвокат Сәрсенов айыпталушы Челахқа да бірнеше сұрақ қойды. Белгілі болғандай, апеллияциялық сотқа берілген арыз бен оған қосымша ретінде жазылған хаттамалар сотталушы қолына тимеген екен. Аталмыш жайттарды негізгі алған адвокат кешегі ұстанымын қайтадан қайталады.


Серік Сәрсенов, В. Челахтың адвокаты:


- Талдықорған қаласында өткен сот процесінің соңғы шешімін жоққа шығаруды сұраймын және Челахты қылмыстық жауапкершіліктен босауды талап етемін. Оған қоса Владислав Челахты өмір бақи түрмеге қамау жөнінде шешім шығарған судья Ербол Ахметжановқа шара қолдануды сұраймын өйткені ол көптеген заңдарды белден басты.


Артынша 15 адамды өлтіріп өртеп жіберді деп айыпталған Челахты қолдаушылар Арқанкерген тікелей бағынатын 2484 әскери бөлімінің өкілдеріне дүрсе қоя берді.


Осыдан соң судья аз үзіліс алды. Сүт пісірім уақытта қайта оралып келіп қара қылды қақ жарған шешімін оқыды көпке.


- Постановила: Приговор межрайонного военного судапо уловным делам 11 декабря 2012 года отношений Владислвав Челаха Валеровича оставить без изменения. Аппеллияционную жалобу адвоката Сарсенов без удовлетворения.


Осылайша әскери сот та 20 жастағы Владислав Челахты жан түршіктірерлік қылмысқа кінәлі деп тапты. Ал тәртібіне қатысты адвокаттық қызметі қыл үстінде тұрған Серік Сәрсеновтың ендігі қызметтік тағдыры Әділет министрлігінің қолында.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!