Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң талқыға салынды

Фотография - Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң талқыға салынды

Бүгін Астана қаласы әкімдігінде ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Астана қаласы бойынша Басқармасының бастығы Ерлан Әбеннің төрағалығымен өткен кеңесте осы мәселе жан-жақты талқыланды

182 0

Кадр қызметінің маңызын арттыру, қызмет этикасын жетілдіру, мемлекеттік қызметтің ашық та тиімді тетіктерін енгізуге бағытталған мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң 2013 жылдың 26 наурызынан бастап қолданысқа енеді. Бүгін Астана қаласы әкімдігінде ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Астана қаласы бойынша Басқармасының бастығы Ерлан Әбеннің төрағалығымен өткен кеңесте осы мәселе жан-жақты талқыланды.

Басқарма бастығының айтуынша, заңнамалық актіні орындау мақсатында қазіргі кезде 25-ке тарта нормативтік-құқықтық акт әзірленуде. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметкерлер А корпусы мен Б корпусына бөлінеді. Жоғарыда аталған нормативтік-құқықтық актілер қызметкерлердің А корпусына және Б корпусына байқаудан өту тәртібін белгілейді», - деді Ерлан Әбен. А корпусының өзі екі деңгейге бөлінеді.

А корпусының ұлттық деңгейіне: комитет төрағалары, аппарат жетекшілері және жауапты хатшылар енсе, А корпусының өңірлік деңгейіне мемлекеттік органдардың өңірлік бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар кіреді.

Төрағаның мәліметіне сәйкес, ҚР Президенті жанынан Ұлттық комиссия құрылып, А корпусына мемлекеттік қызметке кадрлар қабылдау мәселелерімен айналысады. Сонымен бірге өңірлік комиссиялар да құрылады. Бұл комиссия А корпусының өңірлік бөлімшелеріне және Б корпусының кадрлық резервіне қызметкерлерді іріктейді.

Тағы бір айта кетерлігі, Б корпусындағы мемлекеттік қызметкерлер бір мемлекеттік органнан екіншісіне ауыса алмайды. Тек өзі қызмет ететін орган ішінде, бір бөлімнен екіншісіне, бағынысты ведомствоға және өңірлік бөлімшелерге ауысады. Ауысу қонкурстық іріктеу жолымен жүргізіледі», - деді Ерлан Әбен.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!