Қазақстан мен Ватикан ынтымақтастығына 21 жыл толады

Фотография - Қазақстан мен Ватикан ынтымақтастығына 21 жыл толады

Биыл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларының бірі – «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары» съезіне 10 жыл толады

296 0

Биыл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларының бірі – «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары» съезіне 10 жыл толады.

Айтулы күнді атап өту мақсатымен съезд хатшылығының басшысы, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми бастаған делегация жұмыс сапарымен Ватиканда. Іссапардың алғашқы күні Рим Папасы Бенедикт XVI кездескен жұмыс тобы одан кейін де бірнеше екі жақты жүздесулер өткізді.

Алдымен Рим Папасының қабылдауында болған қазақстандық делегация Рим Папасы кеңесінің төрағасы, Діни көшбасшылар кеңесінің мүшесі Жан-Луи Торанмен кездесті. Онда екі тарап дінаралық диалогты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Сенат төрағасы Қайрат Мәми, Италияндық журналистерге сұхбат берді.

Жан-Луи ТОРАН, Рим Папасы кеңесінің төрағасы, Діни көшбасшылар кеңесінің мүшесі:

- Рим Папасы ІІ Иоанн Павел Қазақстанға сапарын немесе  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ватиканға сапарын алып қарасақ та, екі ел арасындағы байланыстың оң әрі шынайы екенін аңғаруға болады. Бір сөзбен айтқанда, ортада әлдеқашан жан-жақты келісім орнаған. Қазақстанда дін өкілдерінің бір-біріне деген құрметі мені таңқалдарды. Қазақстан халқы адамгершілікті жоғары бағалайды.

Бұдан кейін «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері» съезінің 10 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынға ҚР Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Лама Шариф және Ватикан киелі тақ кардиналдары қатысты. Басқосуда съезд келешегі, дінаралық байланыс мәселелері сөз болды. Аталған форумның он жылдық тарихына арналған фотокөрме  өтті.

Қайрат ЛАМА ШАРИФ, ҚР Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы:

- Осы фотокөрме арқылы біз съездің 10 жылдығындағы  жетістігін Ватиканда көрсетудеміз. Бұл шараларды біз басқа елдерде де жалғастыру арқылы, съездің өркениеттер сұхбатына беретін өзінің ерекше рөлін атап өтпекшіміз.

Елбасы бастамасымен 2003 жылдан бері төрт мәрте өткен «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының» съезі бүгінде дүниежүзіндегі беделі биік, түрлі дін өкілдерінің басқосу алаңына айналды. Оны аз уақыт аралығындағы съезд жетістігінен аңғаруға болады.

Анджело СОДАНО, Киелі тақ кардиналдар алқасының деканы, кардинал:

- «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының» съезін өткіздудегі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен. Бұлдінаралық диалогті жаңғыртуға орасан үлес қосқан бастама. Он жыл ішінде осы бағытта көптеген жұмыс атқарылды. Бұл жолғы сапарларыңызды Ватикан мен Қазақстан арасындағы достықты күшейтуге жасалған тағы бір қадам деп санаймын.

Қазақстан мен Ватикан арасындағы байланыстың орнағанына биыл 21 жыл толады.

Қайрат  МӘМИ, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері» съезі хатшылығының басшысы:

- Қазақстан мен Ватиканды достық қарым-қатынас байланыстырады. Әлемге әйгілі Папа II Иоанн Павел Астанаға 2001 жылғы сапары екі жақты қатынастың нығаюына жол ашты.

Дін – қашан да салмағы ауыр, ауқымы кең әрі маңызды мәселе. Алайда жаһанға діни татулық пен ашық диалогті үлгі еткен Қазақстан бастамасы он жыл ішінде өзінің маңыздылығын дәлелді. 40 -тан астам елден келген түрлі дін өкілдерін бір үстел басына жинап, ашық сұхбат алаңын құрды. Алда бұл бағытта атқарылатын жұмыс көп.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!