Адам құқықтары орталығы басшысы БҰҰ өкілімен кездесті

Фотография - Адам құқықтары орталығы басшысы БҰҰ өкілімен кездесті

Кездесу барысында "Орталық Азияда адам құқықтарын қорғау" жобасы талқыланған

169 0

Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық жетекшісі Вячеслав Калюжный БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының аймақтық өкілінің орынбасары Элизабет Оливейра да Костамен және азшылық топтар құқықтары мәселесіне қатысты сарапшылармен кездесті.

Кездесу барысында "Орталық Азияда адам құқықтарын қорғау" жобасы талқыланған. Жоба БҰҰ-ның адам құқықтары, этникалық шағын топтардың құқықтары және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанда тұрғын үйге қол жеткізу құқықтарының қорғалуына қатысты ұсыныстарының орындалу мәселелерін қамтиды.

Жиын соңында адам құқықтарын қорғау ұлттық орталығы жобаның іске асырылуына атсалысатыны туралы және БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азия аймақтық өкілдігімен ынтымақтасты дамыту жөнінде келісімге келді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!