Комиссия «қара жәшіктің» мәліметтерін талдауға кірісті

Фотография - Комиссия «қара жәшіктің» мәліметтерін талдауға кірісті

Мемлекетаралық авиациялық комитет мамандары «қара жәшікті» бір аптаның ішінде зерттеп шықты.

196 0

Мемлекетаралық авиациялық комитет мамандары «қара жәшікті» бір аптаның ішінде зерттеп шықты. Оны оқу кезінде алынған мәліметтер апаттың себебін тексерумен айналысатын Комиссияның қарауына берілді, деп хабарлады Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Комиссия төрағасы, Көлік және коммуникациялар вице-министрі Азат Бектұровтың айтуынша, «қара жәшікті» оқығаннан кейін ұшақтың апат болу себебі бірден анықталады деген сөз емес. Қазір комиссия апаттың ықтимал себептері бойынша талдау жұмыстарын жүргізуде».

Талдау жұмыстарының аясында сарапшылар пайдалану ережелерінің орындалуына, ұшаққа, двигательдерге, авиациялық және радиоэлектрондық жабдықтарға, жүйелер мен агрегаттарға жүргізілген техникалық қызметтер мен жөндеу жұмыстарына баға берілуде, экипаждың, ұшу сапарын қамтамасыз етуші жердегі қызметтердің дайындықтары мен іс-қимылдары, ауа райының жағдайы, жердегі радиотехникалық құралдардың жұмыстары зерттелуде, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

«Бұл тексерулерді жүргізуге Мемлекетаралық авиациялық комитеттің, ұшақты жасап шығарған зауыттың, двигательдерді жасаушы зауыт пен ұшаққа техникалық қызмет көрсетуші зауыттың өкілдері тартылып отыр», делінген хабарламада.

«Қара жәшікте» тіркелген мәліметтерді оқудың нәтижелері қосымша талдау жұмыстары үшін Канаданың Көлік қауіпсіздігі кеңесіне де жолданады.

Тексеру амалдары аяқталғаннан кейін Комиссия ресми мәлімдеме жасайды.

Анықтама үшін: Ереванда болған CRJ-200 ұшақ апаты 1,5 жыл бойы тексерілсе, Индонезиядағы SuperJet-100 ұшағының апаты 9 ай бойы тексерілді.

Естеріңізге сала кетейік, 29 қаңтарда 13 сағат 30 минутта Алматы облысының Іле ауданындағы Қызылту елді мекенінің жанында Көкшетау-Алматы бағытымен ұшып келе жатқан CRJ 200LR ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында 16 жолаушы, олардың арасында біржарым жастағы сәби және экипаждың бес мүшесі болды. Олардың барлығы да қаза тапты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!