Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы А.Мешімбаева ұсталды

Фотография - Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы А.Мешімбаева ұсталды

Ресей ІІМ қызметкерлері Мәскеуде Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаеваны ұстады.

201 0

2013 жылғы 6 ақпанда Қаржы полициясы агенттігінің халықаралық тапсырмасы бойынша Ресей ІІМ қызметкерлері Мәскеуде Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаеваны ұстады.

Бұл туралы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге салсақ, А.Мешімбаева 2009 жылғы қарашада ұлттық санақты жүргізуге бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салды деген айыппен халықаралық іздеуге жарияланған болатын.

А.Мешімбаева Ресей ІІМ Мәскеу қаласы бойынша басқармасының №1 уақытша ұстау абақтысына  тоғытылды.

Қазіргі кезде А.Мешімбаеваны Қазақстан Республикасына экстрадициялау іс-шаралары дайындалуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!