2013 жылы Алматы облысында 6 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін

Фотография - 2013 жылы Алматы облысында 6 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін

Бұған дейін айтылған түрлі болжамдар дәл келген көрінеді

116 0

2013 жылы Алматы облысының таулы аймағында магнитудасы 6 балды құрайтын жер сілкінісі болады деп болжанып отыр. Мұндай болжам, қаңтар айының басында 2013 жылы Алматы аумағында орналасқан, сейсмоқауіпті аймаққа қатысты жасалған болатын. Бұған дейін айтылған түрлі болжамдар дәл келген көрінеді.

Айталық, 2012 жылы мамырдың 31 күні сағат 3:20-да күштілігі 4 балды құрайтын жер сілкінісі тіркелген еді. Осы тәріздес 4 баллдық жер асты дүмпуі алдағы уақытта Талдықорған мен Жаркентте болады деп күтілуде. Алайда нақты уақыты осы жылдың шілде айында айқындалатын болады. Осындай ақпаратты баспасөз мәжілісі барысында «Сейсмология институты» ЖШС директоры Таңатқан Абақанов хабарлады.

Сондай-ақ, мамандар хабарландыру қызметі барлық жоғарғы инстанцияларды құлағдар етіп отыратынын мәлімдеді. Ал Алматы қаласының ТЖ департаменті ұялы байланыс операторларымен кеңес өткізіп, халықты қысқаша хабарламалар арқылы алдын ала ақпараттандыруды қолға алмақшы.

Бүгінде Алтел және Кселл ұялы байланыс операторларымен келісім жасалып, 2 жолдан тұратын хабарландыру мәтіні жазылып жатыр екен. Билайн компаниясы смс-хабарландыру жолдауға 5 теңге сұратқан болса, Алтел мен Кселл оперторлары бұл қызметті тегін жасауға келісімін беріп отыр.

«Келесі аптада жойқын жер сілкіністері болмайды деп күтілуде. Сейсмологтар сілкіністер жыл бойы болуы ықтимал деген болжамдар айтуда. Үстіміздегі жылы айтарлықтай катаклизмдер бола қоймайды деп ойлаймыз. ТЖ департаменті мен республикалық дағдарыс орталығын осы мәселеге қатысты мәліметтермен толықтай қамтамасыз етіп отырамыз»,- деп сөзін қорытты Абақанов.


Тегтер:

жер сілкінді

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!