Балқаш көлі арқылы өтетін жаңа жол Астана мен Алматы аралығын қысқартады

Фотография - Балқаш көлі арқылы өтетін жаңа жол Астана мен Алматы аралығын қысқартады

деп хабарлайды ККМ баспасөз қызметі

278 0

Бүгін Алматы облысына ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев бастаған республикалық ақпараттық-насихат тобы (РАНТ) келді, деп хабарлайды ККМ баспасөз қызметі.

Облыс активімен кездесуінде Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының негізгі бағыттары жайында, оның ішінде Президенттің республиканың көліктік инфрақұрылымды дамыту аясында берген тапсырмаларына барынша назар аудара отырып, баяндады.

Жұмағалиев атап өткендей, көлік және коммуникация министрлігі қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасы бойынша Инфрақұрылымды дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуде. Бұл бағдарлама мультипликативтік экономикалық тиімділікке, транзиттік әлеуетті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

Жалпы, биыл ортақ пайдаланымдағы 9 мың км автожолды жөндеуден өткізу жоспарланған. Оның ішінде, Астанадан Ақтау, Алматы және Өскемен бағыттарында қазіргі заманғы үш автожол салу жөніндегі жұмыстар басталатын болады.

Астана-Алматы бағытындағы жол Балқаш көлі арқылы өтетінін ескерсек, оның ұзындығы 200 километрге қысқаратын болады. Қазіргі уақытта министрлік Алматы – Қапшағай және Астана – Теміртау учаскелерінің жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеумен айналысуда. Ол жолдарды реконструкциялау жұмыстары биыл басталмақ.

Ағымдағы жылы Астана – Өскемен бағытындағы реконструкциялау аясында Павлодар мен Семей қалалары арасындағы жұмыстарды бастау жоспарлануда. Өткен жылы жалпы ұзындығы 76 км екі учаскеде жұмыс басталған болатын.

Астана – Ақтау бағытының бір бөлігі, атап айтқанда ұзындығы 300 км Бейнеу – Шетпе учаскесінде реконструкция жұмыстары жүргізілуде. Шетпеден Ақтауға дейінгі ұзындығы 177 км учаскедегі құрылыс жұмыстарын осы жылы бастау жоспарланған.

Алматы облысы бойынша Қапшағай мен Талдықорған арасындағы автожол учаскесін реконструкциялау жұмысын жалғастыру көзделген. Бұл қосымша жұмыс орындарын ашуға септігін тигізбек. Бұдан басқа, ағымдағы жылы ұзындығы 16 км болатын «Сарқанд қаласын айналып өту» учаскесі қолданысқа беріледі.

Темір жол саласы бойынша еліміздің орталығын батыс өңірімен қосатын Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл желілерін салу жұмыстары жалғасады. Бұдан тыс, Президенттің тапсырмасына сәйкес Балқаш көлі арқылы өтетін көпір арқылы Астана – Алматы жоғары жылдамдықты теміржол магистралі құрылысын іске асыру жұмыстары басталады.

Сонымен бірге Жолдауда Ақтау теңіз порты мен паром паркінің қуатын арттыру жөніндегі жұмыстарды жеделдету қажеттігі атап өтілген болатын. Бұл міндетті іске асыру үшін биылғы жылы су түбін тереңдету, құрғақ жүктерге арналған үш терминал және екі паром салу жұмыстары басталады.

Сонымен бірге министр Мемлекет басшысының «Ақпаратты Қазақстан – 2020» Мемлекеттік жоспарын бекіткенін атап өтті. Оның іске асырылуы еліміздің ақпаратты қоғамға өтуін жеделдетуге бағытталған. Осымен қатар ҚР Үкіметі таяуда аталған Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар жоспарын қабылдады.

2014 жылға қарай 50 және одан көп адам тұратын елді мекендерінде CDMA 450/EVDO технологиясы бойынша кең жолақты Интернетке кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету, сонымен бірге байланыстың төртінші буынды қызметін енгізу жөніндегі жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Бұларға қоса, ұялы байланыс тарифтерін төмендету, Интернет қызметтерінің жылдамдығын арттыру, тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын арттыру, электрондық мемлекеттік қызметтер санын көбейту жұмыстары жалғастырылады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!