«Байқоңыр» мәселесі шешіледі

Фотография - «Байқоңыр» мәселесі шешіледі

Қазақстан ең басты стратегиялық серіктесі болған Ресеймен ара-қатынасын шиеленістірмеу үшін жан-жақты, әрі дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймын

191 0

Белгілі саясаткер, Ресей ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының халықаралық жобалар жөніндегі директоры Юрий Солозобов «Новая газета» тілшілерінің «Байқоңыр» мәселесіне байланысты сұрағына «Бұл Мәскеу мен Астана арасындағы уақытша түсініспеушілік. Жақында бұл мәселелердің барлығы оң шешім табады» деп жауап беріпті. 

«Қазақстан ең басты стратегиялық серіктесі болған Ресеймен ара-қатынасын шиеленістірмеу үшін жан-жақты, әрі дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймын. Өткен аптада Ресей вице-премьері Игорь Шувалов пен Қазақстан вице-премьері Қайрат Келімбетов екі ел арасындағы экономикалық байланыс жөніндегі кездесу барысында өзекті тақырыптарды қозғады. Осы аптаның басында ҚР Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев келді. Ол сондай-ақ Қазақстандағы ақпараттық-идеологиялық салаға жауапты адам. Ол көпті көрген, қиындықты шеше алатын кәсіби білігі жоғары адам. Ол аз десеңіз, саясатта салмағы басым тұлға президент Нұрсұлтан Назарбаев бар. Егер ол Владимир Путинмен ашық әңгіме жүргізсе, кез келген мәселені оңай шеше алатын адам» депті Юрий Солозобов.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!