2014 жылы интернет Қазақстанның шағын ауылдарына жетеді

Фотография - 2014 жылы интернет Қазақстанның шағын ауылдарына жетеді

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Алматы облысының активімен болған кездесуде мәлімдеді

175 0

Қазақстанның шағын ауылдарының тұрғындары интернетке 2014 жылы қол жеткізетін болады. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Алматы облысының активімен болған кездесуде мәлімдеді.

«2014 жылы CDMA 450/EVDO технологиясы бойынша кеңжолақты интернетпен 50 және одан көп тұрғыны бар елді мекендерді қамтамасыз ету жоспарлануда. Сонымен қатар, осы уақытта төртінші буын байланыс қызметін барлық облыс орталықтарында қолданысқа енгізу көзделген», делінген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.


Бұдан бөлек, ұялы байланыс тарифін төмендету, интернет жылдамдығын арттыру, халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру және электронды қызмет санын ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасын табатын болады.


CDMA-450 базалық станциясының қамту аймағы ауылдық жерде 25-35 шақырымды құрайды. Осындай бір станция 1000 абонентке қызмет ете алады. Бұл тек сапалы дыбыстық байланысты ғана емес интернетке шығу мүмкіндігін беретін желі.


Бұдан бұрын «Қазақтелеком» АҚ 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап интернет құны арзандатылып, қолжетімділік бағытында ілкі жобалар қолға алынғанын хабарлаған еді.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!