Н.Назарбаев пен В. Путин Байқоңырды пайдалану жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы уағдаласты

Фотография - Н.Назарбаев пен В. Путин Байқоңырды пайдалану жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы уағдаласты

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев бұрын қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес сапармен келгенін атап өтт

260 0

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге жұмыс сапары аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев бұрын қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес сапармен келгенін атап өтті. 


- Желтоқсан айында біз алдағы жылға арналған жаңа міндеттерді талқыладық. Біз екі ел арасындағы Тату көршілестік пен одақтастық туралы жаңа шартты дайындау туралы тапсырма бердік. Оған Екатеринбургте қол қоямыз деген үміттемін. Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Еуразиялық экономикалық одақтың барлық мәселесі ілгері жылжуда. 2015 жылы біз Еуразиялық экономикалық одақ құратынымыз туралы жариялау үшін бізде 2014 жылғы мамыр айында  келісім болу керек, - деді Қазақстан Президенті.     


Өз кезегінде Владимир Путин жақында болған кездесуге қарамастан, қаралуы тиіс бірқатар тақырыптар жинақталып қалғанын атап өтті.


- Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың көлемі өте ауқымды. Оның үнемі өсіп келе жатқанын қуанышты сезіммен атап өтпекпін. Бұл біздің экономикамыз бен адамдарымыздың игілігі үшін екені сөзсіз. Біздің ісіміз алға басуда. Табысты жұмыс істеп жатқан интеграцияның өте жақсы тәжірибесі жинақталып келеді. Бірқатар негізгі мәселелер бар. Бүгін біз оларды талқыладық. Мен осыны іске асыруға мүмкіндігіміз болғаны үшін қуаныштымын, - деді В.Путин. 


Сондай-ақ мемлекет басшыларының кездесуінде өзара іс-қимылдың ауқымды мәселелері жөніндегі екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыру, сондай-ақ 2013-2015 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын одан әрі іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 


Сонымен қатар, интеграциялық мәселелер жөніндегі өзара іс-қимылды жалғастыруға, атап айтқанда Бірыңғай экономикалық кеңістікке және 2015 жылға қарай Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыра бастауға байланысты шешім қабылданды.


Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану жөніндегі одан арғы өзара тиімді және сындарлы ынтымақтастық туралы уағдаласты.


Сондай-ақ мемлекет басшылары келесі кездесуді Екатеринбургтегі өңіраралық ынтымақтастық форумында өткізу және қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын сол кезде талқылау туралы келісімге келді.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!