Ұлыбритания Елшісі Кэролин Браун Атырау облысында болды

Фотография - Ұлыбритания Елшісі Кэролин Браун Атырау облысында болды

Онда ол аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовпен кездесті.

169 0

Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэролин Браун Атырау облысында болды. Онда ол аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовпен кездесті.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Ұлыбритания компанияларының өңірде жүзеге асырылып жатқан жобаларға қатысу мәселесі талқыланды. Қазіргі таңда облыста Ұлыбритания капиталы қатысқан 81 компания жұмыс жасайды. Кедендік статистика мәліметтері бойынша, 2012 жылы облыс пен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 593,6 млн. АҚШ долларын құраған.

«Қазақстанның басқа өңірлерімен салыстырғанда Атырау облысы британдық компанияларымен тығыз қарым-қатынаста. Ұлыбритания осында жүзеге асырылып отырған ірі жобаларға қатысуда. Біздің әріптестік қатынастарымыз жыл сайын нығайып келеді», - деді Б. Ізмұхамбетов.

Кездесуде сондай-ақ атыраулық жастардың Ұлыбританияда білім алу мүмкіндіктері мәселесі де талқыланды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!