«Валют-Транзит-Банк» банкін құрушы Айтбақы Біләлов кенет көз жұмды

Фотография - «Валют-Транзит-Банк» банкін құрушы Айтбақы Біләлов кенет көз жұмды

Алдын ала жасалған болжам бойынша ол «Миокард талмасынан» көз жұмды

146 0

Бүгін түнде Қарағанды қаласындағы облыстық медицина орталығының жансақтау бөлімінде «Валют-Транзит-Банк» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы, сотталушы А. Біләлов кенеттен көз жұмды, деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД-нің баспасөз қызметінен.

10 ақпан күні кешқұрым Қарабас кентінде орналасқан жалпы режимдегі түзеу мекемесінен ол «Ишемиялқ жүрек ауруы» диагнозымен жедел-жәрдем көлігімен Қарағанды қаласындағы облыстық медицина орталығына жеткізілді.

Алдын ала жасалған болжам бойынша ол «Миокард талмасынан» көз жұмды.

Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылдың наурызында сот 1958 жылғы Айтбақы Біләловті  (Андрей Беляев) 10 жылға соттаған болатын.


Тегтер:

Кеш

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!