Болат Төкежанов ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Фотография - Болат Төкежанов ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

292 0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 ақпандағы қаулысымен Төкежанов Болат Тұрғанұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Төкежанов Болат Тұрғанұлы 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.  1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

1994-1995 жылдары Шығыс Қазақстан облысы салық инспекциясының аға салық инспекторы болып қызмет атқарды.

1996-1998 жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Міндетті медициналық сақтандыру қорының Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесінде қызмет атқарды.

1999-2000 жылдары - Медициналық қызметке ақы төлеу орталығының Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесі директорының орынбасары, директоры. Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық» РМК-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры.

2001 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың қарашасына дейін Шығыс Қазақстан облысының Ақпараттық-медициналық орталығын басқарды.

2003 жылдың қараша айынан медицинаны және халықаралық қатынастарды дамыту бөлімінің бастығы, 2005 жылдың ақпанынан 2007 жылдың қаңтарына дейін стартегиялық даму және халықаралық қатынастар басқармасының бастығы болды.

2007 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың тамыз айына дейін Стратегиялық даму және халықаралық қатынастар департаменті директорының орынбасары, Қаржы және экономика департаменті директорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

2010 жылдың қыркүйек айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры болып тағайындалды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің (2002), ҚР Денсаулық сақтау министрінің (2004) құрметті граматоларымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астанаға 10 жыл» (2008) мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2006).


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!