Қазақстанда 22 мың шетелдік жұмыс істейді

Фотография - Қазақстанда 22 мың шетелдік жұмыс істейді

Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз брифингінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов мәлім етті

172 0

Өткен жылы елімізде тіркелген 2792 кәсіпорынның шетелдік жұмыс күшін пайдаланатындығы анықталды. Оларда жалпы саны 389 мың қазақстандық және 22 мың шетелдік (5,4%) маман еңбек еткен. Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз брифингінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов мәлім етті.

Министрдің айтуынша, 2007-2008 жылдары шетелдік мамандардың саны 60 мыңнан асып жығылған екен. Мемлекеттің пәрменді шараларының арқасында олардың саны жылдан жылға азайып келеді. Қазіргі күні шетелден тек мұқтаж мамандықтар бойынша ғана маман шақырту саясаты жүргізіліп отыр. Шетелдік мамандардың 62 пайызы құрылыс, тау-кен өнеркәсібінде жұмыс істейді. Олар Қазақстанға әлемнің 100-ден астам елдерінен келген. Бұлардың ішінде сан жағынан Қытай (19,5%) және Түркиядан (11,5%) жұмысшылардың саны басым.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!