Серік Ахметов Әділет министріне қатаң ескерту жасады

Фотография - Серік Ахметов Әділет министріне қатаң ескерту жасады

Серік Ахметов пен министр Берік Имашевтің алдында сот орындаушылардың көретін «қорлығы» мен осы саладағы басқа да олқылықтарды айтып, ағынан жарылды.

289 0

Бүгін өтіп жатқан Әділет министрлігінің алқа мәжілісінде Алматы қалалық Сот актілерін орындау департаментінің бастығы Арман Әпивев Үкімет басшысы Серік Ахметов пен министр Берік Имашевтің алдында сот орындаушылардың көретін «қорлығы» мен осы саладағы басқа да олқылықтарды айтып, ағынан жарылды.

«Сот орындаушыларға қызметтік көлік берілмейді, таңертең тұрып жұмысына кеткеннен, қалтасында жол жүру билеті болса, кешке автобусқа мініп, үйін әрең табады», - деп алдыман сот орындаушылардың әлеуметтік жағдайына тоқталған ол әрбір сот орындаушы кем дегенде он адамның жұмысын атқарып жүргенін жеткізді.

«Қазір сот орындаушылар өздері «аспазшы, өздері іс жүргізуші, өздері жүргізушіге» айналған. Заң бұзған ұйымдар сот шешімін орындамаса да баратын солар, аллимент төленбей жатса да баратын солар, қазір, тіпті олар банктен несие алып, қашып жүргендерді де іздейді, үйге ипотека рәсімдеп, оны орындамағандарға баратын да сол сот орындаушылары. Қазір банктер мен салық комитеті несие және салық төлемей жүргендерді ойлап, алаң болмайды да», - деді Арман Әлпиев. Оның айтуынша, сот орындаушыларға қол көтеретін азаматтар да табылады.

«Осы салада жұмыс істеп жүргеніме 10 жылдан асты. Сол он жыл ішінде сот орынлаушыларды соққыға жыққан бір де бір азаматтың сотталғанын көрмеппін. Кешіріңізер, бірақ біздің сот орындаушылар «спецназ» емес, олар кеше ғана жоғарғы оқу орнын бітіріп келген қыз-жігіттер. Қазір тіпті қоғамда «қорқақтар ғана ақшасын береді» деген теріс пікір қалыптасқан. Біздің киіп жүретін арнайы формамыз бар, бірақ осы сөзге бола қызметкерлеріміз ол киімді киіп жүруге намыстанады», - дей келе департамент басшысы қазіргі таңда бір сот орындаушы 500 айыппұл қағазы мен 150 банк ісін таратандығын айтып, ашынды.

«Бір сот орындаушы 500 айыппұл қағазын, 150 банк ісін таратады. Осының бәрін орындау уақыт жағын да, бір адамның біліктілігі жағынан да мүмкін емес. Көп қызметкерлер осы ауырпашылықты көтеріп жүре алмай, жұмыстарын жиі ауыстырады», - деді ол.

«Арманның бүгінгі баяндамасы оның жан айқайы сияқты. Мен осыдан бес жыл (! - агенттік) бұрын осы мәселені тура осы қалыпта естігенмін. Бес жыл бұрын олардың материалдық-техникалық базасын жаңғырту мен реформалар мәселесі айтылған болатын. Содан бері ештеме істелмегені көрініп тұр, тек жаңа ғимарат салынғаны болмаса. Сот орындау жүйесін бір реформалайтын уақыт жетті емес пе!? Күн сайын телеарналардан аллимент төлете алмай, жылап жатқан аналарды көреміз. Орындалмаған істер қаншама. Ұсыныс болса айтсаңыздаршы, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, қарап шығайық. Мысалы, Францияда жап-жақты тәжірибе жұмыс істейді. Ресейде сот орындаушы деген атақтың өзі дардай», - деген Үкімет басшысының сынына Берік Имашев жаңа ғимараттарды санаумен ғана жауап бере алды. Ақпарат BNews.kz  сайтынан.

«Мен материалдық-техникалық базаны емес, жалпы осы саланы реформалау қажеттігін айтып отырмын», - деді Ахметов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!