Бақытжан Жұмағұловтың Мәскеуге жұмыс сапары аяқталды

Фотография - Бақытжан Жұмағұловтың Мәскеуге жұмыс сапары аяқталды

Білім министрінің жұмыс сапары кеше басталған

320 0

Бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың Мәскеуге жұмыс сапары аяқталды. Білім министрінің жұмыс сапары кеше басталған.

Жұмыс сапары барысында Б.Жұмағұлов Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрі Дмитрий Ливановпен, Ресей Федарациясы Президентінің көмекшісі Андрей Фурсенкомен кездесті. Кездесулер барысында білім және ғылым саласындағы екі елдің қарым-қатынастарына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, отандастарымызды Ресейдің жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде мәселе көтерілді.

Сондай-ақ, екі ел министрлігі арасында Қазақстан Республикасында орналасқан ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары мен өкілдіктерінің білім беру қызметінің сапасын көтеру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Сондай-ақ, министр М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничимен кездесті. Кездесу барысында білім, ғылым және инновацияның интеграциясы, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың сапасын арттыру, оқушылар мен ғалымдарды ауыстыру бойынша бірлескен жоспарлар талқыланды», - делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша Ресей мен Қазақстан ректорларының форумын өткізу туралы шешім қабылданды. Қазақстандық ведомоства басшысы алдағы форумды Еуразиялық зерттеу кеңістігін қалыптастыру мәселелеріне арнауды ұсынды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!